ОПҚ мен студенттердің «Қайырымдылық» акциясы

«Волонтер жылы» аясында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының ОПҚ мен студенттері Наурыз мерекесі қарсаңында көпбалалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық» акциясын ұйымдастырды.

2020 жылы 17 наурызда акция барысында оқытушылар мен студенттер Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Кауменова Ж.А. көпбалалы отбасын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап  азық-түлік салынған сөмкелер табыстады.