Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

Проректор-по-учебной-и-научной-работе

Ахметов Қадыр Әбілжанұлы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім академиясының академигі.

С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Ғылыми-педагогикалық жұмысын 1976 жылы Целиноград  инженерлік – құрылыс  институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра доценті болудан бастаған.

1991 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің тарих кафедрасында доцент болып жұмыс істеді.

1996 жылдың қазанынан 1999 жылдың қазанына дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті тарих факультетінің деканы болды.

1999-2002 жж. аға ғылыми қызметкер. В 2003-2004 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде кафедра меңгерушісі.

2004 жылдың наурызынан бастап қазірге дейін  Еуразия гуманитарлық  институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.

Оқу үдерісінің барысын, оқу жүктемесін жоспарлау мен орындалуын бақылайды. Институттың ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық жасайды, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, ғылыми, әдістемелік конференцияларды және басқа да ғылыми шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады.

Мәдениет, интеллигенция және білім тарихы мәселелерін зерттеумен айналысады, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы PhD доктор ғылыми дәрежесін алу жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болып табылады.  2 монография мен 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.

ҚР БҒМ-ның «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдерімен марапатталған.