МУЗЕЙДЕГІ КЕЗДЕСУ

18 сәуір күні ҚР Ұлттық музейінде алғаш рет «Музейдегі кездесу» жобасы ашылды. Жоба аясында «Шалқар» радиосының директоры, ақын Қалқаман Саринмен кездесу кеші өтті. Кешке институтымыздың «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігі белсенді түрде ат-салысып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Іс-шара жұмысына студенттерді дайындап, оған қатысуға ықпал еткен кафедра доценті, ф.ғ.к. Лаура Ноғайбекқызы мен аға оқытушы Аслан Есімханұлы музей директорының Алғыс хатымен марапатталды.