МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

2019 жылғы 24 сәуір күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің 5 жылдығы аясында және Жастар жылына орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты шығармашыл жастардың кездесуінде Еуразия гуманитарлық институтының атынан «Күмбірле» домбыра ансамблі өнер көрсетті. Іс-шараға «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студенттері: ансамбль жетекшісі – Мырзахмет Айгерім және Ерден Ерасыл, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығынан Құдайберген Ажар, Жанарбекұлы Абзал белсене қатысты.