ЛОМОНОСОВ-2018

Сәуір айының 20-21 күндері М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының ұйымдастыруымен өткен студенттер мен магистранттардың және жас ғалымдардың ХІҮ Халықаралық ғылыми конференциясына институтымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері қатысты. Конференция нәтижесі бойынша ҚТӘ-15-01 тобының студенті Қ.Қ. Медетбеков жүлделі екінші орынды иеленіп (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Алимбаев), ҚТӘ-15-01 тобының студенті Ш. Тілеулес баяндама жасап, белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова).