КТ форматы

Күндізгі және сырттай қысқартылған оқу түріне өз мамандығының бейіні бойынша ЖОО-дарына түсуші колледждің түлектеріне арналған КТ-нің форматы

Кешенді тестілеуге өтініштерді институттың қабылдау комиссиясы 1 маусымнан 20 маусымға дейін,  және де 25 шілде мен 3 тамызға дейін қабылдайды.

Жалпы бейінді пән – мамандықтардың топтарына арналған жалпы пән. Мысалы, барлық педагогикалық мамандықтар үшін жалпы бейінді пән – «Педагогика және психология негіздері», құқықтану мамандықтарына – «Мемлекет және құқық негіздері», ауылшаруашылық мамандықтары мен ветеринарияға – «Биология» және т.б. жатады.

Бейіндеуші пән – таңдалған мамандыққа тән пән. Мысалы, болашақ математика мұғалімдері үшін бейінді пән – «Математика», құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне – «Қылмыстық құқық», ветеринарларға – «Жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы» және т.б. жатады.

Жалпы 60 сұрақ. Тестілеу уақыты 1 сағат 40 минутты құрайды. Өту балы – 25. Балдың максималды саны 70-ті құрайды (бейінді пәндер бойынша тапсырмалардағы бірнеше дұрыс жауап негізінде).

КТ-нің барлық пәндері бойынша тапсырмалардың үлгілері ҰТО-ның сайтына орналастырылған (http://www.testcenter.kz).

Тест тапсыру үшін өтініштер 1 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады. КТ 14 шілдеден 18 шілдеге дейін өткізіледі. КТ-ні ақылы түрде 2018 жылдың тамызында және 2019 жылдың қаңтарында қайта тапсыруға болады.


Өз мамандығының бейіні бойынша оқуға түспейтін колледждің және өткен жылдардың түлектеріне арналған КТ форматы

Жалпы 120 сұрақ. Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Өту балы – 50. Балдың максималды саны 70-ті құрайды (бейінді пәндер бойынша тапсырмалардағы бірнеше дұрыс жауап негізінде).

КТ-нің барлық пәндері бойынша тапсырмалардың үлгілері ҰТО-ның сайтына орналастырылған (http://www.testcenter.kz).

Тест тапсыру үшін өтініштер 1 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады. КТ 14 шілдеден 18 шілдеге дейін өткізіледі. КТ-ні ақылы түрде 2018 жылдың тамызында және 2019 жылдың қаңтарында қайта тапсыруға болады.

Барлық сұрақтар бойынша институттың қабылдау комиссиясына хабарласуға болады:

+7 (7172) 56-22-00.

e-mail: eagi@list.ru

e-mail: eagi.admission@mail.ru