Кітапхананы пайдалану ережесі

  1. Жоғары бiлiм беру ұйымының кiтапханасын пайдаланудың үлгi ережесi жоғары бiлiм беру ұйымы кiтапханасы жөнiндегi Типтiк ережеге сәйкес әзiрлендi және салалық бағасына қарамастан, жоғары бiлiм беру ұйымдарының кiтапханасына таратылды.
  2. Үлгi ереже Жоғарғы бiлiм беру ұйымының оқырмандарына қызмет көрсетедi, ұйымдастырудың жалпы тәртiбiн, кiтапхана мен оқырманның құқықтары мен мiндеттерiн реттейдi.

Кiтапханасын пайдаланудың жалпы қағидалары

  1. Кiтапхананы оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердiң пайдалануға құқығы бар.
  2. Әдебиет үйге абонементтерге берiледi әдебиеттiң соңғы немесе бiр ғана данасын оқу залында одан шығару құқығынсыз пайдалануға болады.
  3. Оқырмандарды кiтапханаға жазу оқырманның арнаулы орта оқу орнына қатыстылығын бiлдiретiн құжат: оқушылар – билет, оқытушылар, қызметкерлер – төлқұжат.
  4. Оқырманға кiтапхананы пайдалану құқығын иемденетiн бiрыңғай оқырман билетi берiлiп, оқырман формуляры толтырылады. Кiтапханаға жазылар кезде оқырман оның қағидаларымен танысып, оны орындау жөнiндегi мiндеттемесiн оқырман формулярына қол қоюымен растайды.
  5. Оқырман билетiнiң қолдану мерзiмi – оқуы аяқталғанша.
  6. Оқу орыннан кетерде оқырмандар өзiне жазылған басылымдар мен оқырман билетiн кiтапханаға қайтарады.
  7. Кiтаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексерiп шығады. Қандай да бiр ақау табылған жағдайда ол жөнiнде кезекшi кiтапханашыға мәлiмдейдi.
  8. Олай болмаған жағдайда, кiтапты бүлдiргенi үшiн басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап бередi. Пайдалану қағидасын бұзған немесе кiтапханаға зиян келтiрген оқырмандар қолданылып жүрген зандарда, кiтапхана жарғысы мен оны пайдалану қағидасында көзделген нысанда әкiмшiлiк, заттық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Кiтапхана қорынан алынған кiтаптарды, басқа да баспасөз туындылары мен материалдарды жоғалтқан немесе оған орны толмас зиян келтiрген кәмелетке толмаған оқырмандар үшiн жауапкершiлiктi оны қадағалаушы ата-анасы, асыраушысы тартады.
  9. Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдiргенi үшiн жауапты оқырман оны дәл сондай басылыммен алмастыруы мүмкiн, болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтейдi немесе 5 есе айып төленедi. Уақыттылы кiтапты өткiзбесе орнына 2 кiтап өңдеуге өткiзедi. Оқушыдан жоғалтқан кiтаптың құнын өндiрiп алу жолдарын тәсілдерін бiлiм беру ұйымының директоры белгiлейдi.

Абонементтi пайдалану қағидалары

 Абонементте әдебиет үйге мына мерзiмге:

1) қоғамдық ғылымдар жөнiндегi әдебиет – кiтап санын шектеусiз бiр оқу жылына;

2) оқу және әдiстемелiк әдебиет белгiленген мерзімде мiндеттi қайта тiркеуден өткiзiлiп тиiстi пәндi оқу мерзiмiне;

3) ғылыми және арнаулы әдебиеттердi –1 семестрге берiледi;

4) көркем әдебиет –1-2 кiтаптан – 7 күнге;

5) аз даналы кiтаптар 1 күнге берiледi.

  1. Егер пайдалану мерзiмi. Материалға оқырмандар тарапынан сұраным болмаған жағдайда ұзартылуы, немесе басылым тек бiр дана, немесе сұраным көп болган жағдайда қысқартылуы мүмкiн Оқырман алынған әрбiр дана үшiн кiтап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кiтаптарды қайтарғанда оқырман қолы кiтапханашы қолымен өшiрiледi.
  2. Сырттай оқитын оқушылар қажеттi әдебиетпен сессияаралық кезеде қамтамасыз етiледi.

Оқу залын пайдалану қағидалары

  1. Оқу залында кiтап беру бiрыңғай оқырман билетi немесе төлқұжат бойынша жүргiзiледi.
  2. Кiтап беру оқырманның әрбiр басылымының кiтап формулярына қол қоюымен толтырылады.
  3. Оқу залына жеке және кiтапхана кiтаптарымен, газет-журналдармен және басқа да баспа басылымдарының кесiндiлерiмен кiруге болмайды.
  4. Әдебиеттi оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кiтапхана әкiмшiлiгi белгiленген мерзiмге кiтапхананы пайдалану құқығынан айрылады.

Оқырманның құқықтары мен мiндеттерi

  1. Оқырмандардың мынаған құқығы бар:
  • кiтапхана көрсететiн кiтапхана-ақпарат қызметiнiң негiзгi түрлерiн тегiн пайдалануға;
  • ақпарат көздерiн iздестiру мен тандауда кеңесшiлiк қызмет алуға;
  • Кiтапханада элетронды каталогын пайдалана алады.
  1. Оқырмандар мынаған мiндеттi:
  • әдебиет алу үшiн оқырман билетiн көрсетiп, кiтап немесе оқырман формулярында алынған әрбiр басылым үшiн қол қоюға;
  • кiтаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кiтапхана мүлкiне ұқыппен қарауға;
  • кiтапханадан алған басылымдарды белгiленген мерзiмде қайтаруға.
  1. Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:
  • кітапханаға сырт киіммен кіру;
  • оқу залына сөмкемен кіру;
  • кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзу;
  • кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптар алып шығу;
  • кітапхана басылымдарын бүлдіру оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу);
  • картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу;
  • Қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру.

Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

  1. Кітапхана мынаған міндетті:
  • Өз қызметінде адамгершілік, саяси және идеологиялық көппікірлілік қағидаларын басшылыққа алуға;
  • оқырмандарға кітапхананың бүкіл қорын пайдалануына мүмкіндікті қамтамасыз етуге; әдебиеттердегi жетіспеушілігіне байланысты, оқырмандардың сұранысы бойынша оқу материалдарының көшірмесімен қамтамасыз етуге міндетті;
  • Өз қоры мен көрсететін қызметін ашық жария етіп, кітапқұмарлықты дамытып,ынталандыруға, кітапханаға барлық оқушылар мен қызметкерлерді тартуға шара қолдануға;
  • оқырмандардың талап-тілегін зерттеп, толығымен қанағаттандыруға;
  • кітапханалық және ақпаратық қызмет көрсету мен кітаптарды насихаттауды жетілдіруге, сондай-ақ компьютерлендіру мен озық технологияны енгізіп, бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жаппай жұмыс істеудің әртүрлі нысандарын пайдалануға;

білім алушылардың оқуына басшылық жасап, олардың бойына кітапқұмарлықты дарытып, үнемі білімін өздігінен жетілдіруге, білімге ұмтылысын оятуға.