Шетел тілдері кафедрасы

Кафедра басшылығы

Профессор-оқытушылар құрамы

Эдвайзерлер, кураторлар, топ басшылары

Мамандықтардың сипаттамалары

Практика базалары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары


Мекенжайы: Астана қаласы, Жұмабаев даңғылы, 4, бас ғимарат, 506 каб.
Тел.: 8 (7172) 56-21-60
E-mail: eagi_kafedra_inyaz@mail.ru

Кафедра меңгерушісі – Волкова Людмила Василийқызы Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Шетел тілдері кафедрасы Еуразия гуманитарлық институтының жетекші кафедраларының бірі. Оның негізгі міндеті «Аударма ісі» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» (ағылшын, неміс, француз, қытай) мамандықтары бойынша кадрларды даярлау. Кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы ЕАГИ бакалавриатының барлық мамандықтарына шетел тілдері практикалық курсын оқытуды жүзеге асырады.

Кафедраның дәстүрлері әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы құрамында болған 1995 жылы қалыптасқан. 2001 жылдың қараша айында Ғылыми кеңестің шешімімен шетел тілдері кафедрасы институттың жеке құрылымдық бөлімшесі болды.

Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеулермен белсене айналысады, халықаралық, республикалық және ЖОО-аралық ғылыми конференцияларға қатысады. 2014 жылы В.С.Евсеевке Германияда (Бамберг қаласы) докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғағаннан кейін философия докторы дәрежесі берілді (Dr. phil. habil). Кафедра оқытушыларының әзірлеген оқу және оқу-әдістемелік құралдарын студенттер оқу үдерісінде тиімті пайдаланады.

Сонымен қатар, кафедра оқытушылары «Global Education» (АҚШ) және «StudyInn» (Ұлыбритания) бағдарламалары бойынша біліктілікті көтеру курстарының, Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің көмегімен Альянс Франсэз ұйымдастыратын әдістемелік семинарлардың жұмыстарына үнемі қатысып отырады. Кафедра оқытушыларының ДААД желісі бойынша біліктілікті көтеруге мүмкіндігі бар. 2007-2008 оқу жылы кафедрада магистр Барбара Дастерхоф (Джорджия штаты, АҚШ) жемісті жұмыс істеді, ол қазіргі уақытта да кафедра оқытушылары және студенттермен байланыс жасауда.

Кафедра жанында ағылшын, неміс және француз тілдерінің клубтары жұмыс істейді, мұнда студенттер шетел тілдерінде сөйлейтін адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға, өзінің тілді меңгеру деңгейін жетілдіруге, сондай-ақ, өз зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік алады.

Кафедрада халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, нығайтуға ерекше назар аударылады. Кафедра оқытушылары Грекияда, Ресейде, Румынияда, Францияда және тағы басқа елдерде ғылыми баяндамалар жасады.

Жыл сайын кафедрада шақырылған шетелдік оқытушылар Стив Адкинс және Элис Олсонның (Мэриленд штаты, АҚШ) қатысуымен өзін-өзі дамытуға арналған семинарлар өткізіліп тұрады. Оқып жатқан тілінің коммуникативтік дағдыларының дамуының арқасында кафедра студенттері халықаралық форумдар, конференциялар мен көрмелерде аудармашылар ретінде талапқа ие: ЕҚЫҰ, Азиада, «KADEX», «WORLDDIDAC ASTANA», әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  IV съезі, Жаңа Жібек жолы, Болашақ және тағы басқалары. Олардың жұмысының нәтижесі болып алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары, сонымен қатар жинақталған жұмыс тәжірибесі мен тіл практикасы табылады.

Кафедра студенттердің тәрбие жұмысына аса назар аударады. Академиялық топтарда студенттерге бай рухани әлемді, жеке мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар, кураторлық сағаттар, кездесулер өткізіледі. Мемлекеттік және бейресми мерекелер қарсаңында Аудармашы күні, Шетел тілдері апталығы, Thanksgiving Day, Christmas Day сияқты жарқын және есте қаларлықтай шаралар өткізіледі.

Біздің студенттер кәсіптік практиканы жетекші лингвистикалық мектептер мен колледждерде, үздік білім беру орталықтарында, Астана қаласының тілдік мектептерінде, сондай-ақ, Шетел тілдері министрлігінің түрлі ведомстволарында, шетелдік компанияларда, аударма агенттіктерінде және т.б. өтеді. Кафедраның болашақ мамандары мамандық бойынша ойдағыдай жұмысқа орналастырылады; кафедраның бітірушілері еліміздің жетекші ЖОО-ларында грант бойынша және шетелде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ЖОО-дан кейінгі білім алады.

Кафедра оқытушыларының еңбегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан үнемі жоғары баға мен құрметке ие. Л.В. Волкова, Л.С. Важова, Г.Ү. Аренова «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған; С.Б. Загатова «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі және «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальімен  марапатталған; Н.Я. Плотникова, А.Ү. Ілиясова – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен; А.С. Қосжанова «Педагог-зерттеуші» төсбелгісімен марапатталған, Н.В.Плуговая, Л.О.Әліпбекова «Жаңашыл педагог» төсбелгісімен марапатталған.

С.Б. Загатова «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. М.А. Қызырова 2013 ж. жоғары оқу орны педагогтары арасындағы «Жылдың үздік оқытушысы» атты республикалық конкурстың жеңімпазы атанды.

Кафедрада жақсы материалдық-техникалық база бар: заманауи лингафондық және Ғаламтор желісіне қосылған компьютерлік кабинеттер, ағылшын, францу және неміс тілдерінің кабинеттері.

Студенттер отандық, шетелдік оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілген.