Заң пәндері кафедрасы

Кафедра басшылығы

Профессорлар-оқытушылар құрамы

Эдвайзерлер, кураторлар, топ басшылары

Мамандықтардың сипаттамасы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы


Мекенжайы: Астана қаласы, Жұмабаев даңғылы, 4, №2 ғимарат,  308 каб.
Тел.: 8(7172) 56-21-12
E-mail: gpd308@mail.ru

Кафедра меңгерушісі — Ыдырысов Қабдеш, заң ғылымдарының кандидаты, профессор

Заң пәндер кафедрасының педагогикалық құрамы өз жұмысында студенттерге іргелі білімді қалыптастыруға, оларға болашақ заңгерлер-құқықтанушылар үшін негіз болып табылатын негізінде ар мен намыстың адамгершілік категориялары жатқан нақты азаматтық позицияны тәрбиелеуге тырысады. Кафедра қызметінің басымдылығы болып студенттерді оқыту сапасы табылады.

ЕАГИ-дің негізгі кафедраларының бірі болып мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы саналады, ол заң бағытындағы мамандарды 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап даярлайды.

Кафедра қызметінің алғашқы күндерінен бастап студенттерді оқыту сапасына ерекше аназар аударады. К.З.Ыдырысов, К.Ж.Балтабаев, Ю.Н.Дрокин, Е.В.Крушинкая, К.С.Калдыбаев, Г.Е.Мусынова, А.С.Абельдинов сияқты тәжірибелі білікті оқытушылар сабақтарды жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді. «Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу», «Азаматтық құқық пен азаматтық іс жүргізу» негізгі пәндер бойынша дәстүрлі әдістермен қатар, интерактивті тәсілдер қолданылады, сабақтарды сот отырыстары түрінде өткізіп, студенттердің оқып жатқан пәндері мен мамандығына қызығушылығын тудырады. Кафедра құрамы жаңа педагогтармен толықтырылады, соның ішінде – көп жылғы практикалық жұмысының тәжірибесі бар, мамандарды теориялық және практикалық дайындауда жаңа қарқын әкелген заңгерлер: Ыдырысов К.З., Қалбаев Н.Е., Дрокин Ю.Н., Ж.Н.Альмухамбетов.

Мамандарды кәсіби даярлау және практикалық жұмыстың педагогикалық қызметке деген дағдыларын жетілдіру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелерден жоғары білікті заңгерлер-практиктер шақырылды. Қазіргі уақытта мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы ұйымшыл, бір мақсатпен біріккен және өз дәстүрлері бар ұжым болып табылады.

Кафедра құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың қатарында ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, ғылым магистрлері және аға оқытушылар бар. Дәрістерді оқуға Қазақстанның жетекші заңгерлері шақырылады.

Кафедра оқытушылары мамандарды даярлауды жетілдіру бойынша үнемі ізденісте. Дәріс және семинар сабақтарында әр түрлі әдістер қолданылады: жағдаяттарды шешу, іскерлік ойын, аз топтарда жұмыс жасау, рөлдік ойын әдісі, тергеу әрекеттерін модельдеу, құқықтық талдау, студенттердің сот отырыстары және т.б.

Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту және күшейту үшін кафедра қызметкерлері ай сайын жаңартылатын «Параграф» анықтамалық жүйесі, ҚР Әділет министрлігі «Заң» орталығы, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті, ҚР Парламенті, Қазақстан Республикасы министрліктерінің материалдарын пайдаланады.

Кафедра оқытушылары: Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, К.З.Ыдырысов, Қ.М.Мұқажанов, А.Ш.Аккулев, Е.Ж.Жұмабаев, Г.Е.Мұсыновалардың оқулықтары, оқу құралдары, монографиялары мен ғылыми мақалалары студенттер арасында үлкен сұранысқа ие. Қызметкерлер мен студенттердің ғаламторды, электронды тасымалдағыштағы оқу-әдістемелік әдебиетті пайдалану мүмкіндігі бар.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы мамандарды даярлауды жетілдірудің факторларының бірі болып табылады. Институттың дәстүрлі «Ғылым және жаңа ұрпақ» аттыконференциясына болашақ заңгерлер белсенді қатысады. Үздік баяндамалар конференция материалдарының жинағында жарияланады.

Институт студенттері терең теориялық білімдерін практикалық жұмыстың дағдыларымен бекітіп отырады. Бұл үшін Астана қаласы және республикамыздың құқық қорғау органдарында студенттердің кәсіптік практикадан өтуі туралы ынтымақтастық келісімшарттары жасалған. Студенттер практиканы соттарда, нотариалдық кеңселерде, ішкі істердің аудандық бөлімдерінде, прокуратурада өтудің жоғары пайдасын атап өтеді. Практиканы жақсы сапада өткендігі туралы базалық кәсіпорындардың берген алғыс хаттарынан және мінездемелерден көруге болады.

Кафедраның жекелеген қызметкерлерінің еңбегі үкімет тарапынан берілген наградалармен марапатталған. Мысалы, профессорлар Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев «Құрмет»  орденімен марапатталған, аға оқытушы Қ.С.Қалдыбаев «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.

Жоғары кәсіби шеберліктің танылуының белгісі ретінде профессор Қ.М.Мұқажанов, доцент Ю.Н.Дрокин, аға оқытушы Г.Е.Мұсынова «Қазақ білім академиясының» «Педагог-зерттеуші», «Жаңашыл педагог» төсбелгілерімен марапатталған.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы дамуының басым міндеттері ретінде келесілер анықталды: оқу, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базаны одан әрі дамыту, инновациялық білім беру технологияларын жетілдіру және енгізу, ПОҚ-тың кәсіби деңгейін көтеру, ғылыми және тәрбие жұмысын белсендіру.

Сонымен, кафедраның негізгі миссиясы болып мемлекет, бизнес-құрылымдар, кәсіби құқықтық білім мен заң ғылымы жүйесінің қажеттіліктерін азаматтық және қылмыстық іс жүргізу саласындағы жоғары кәсіби мамандарда жүзеге асыру, сонымен қатар заң шығару үдерісін ғылыми-құқықтық қамтамасыз ету мен практика қажеттіліктерін жүзеге асыру,

Кафедра дамуының стратегиялық бағыттары:

  1. кафедраның бағытына сай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау сапасын көтеру;
  2. кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін көтеру;
  3. студенттермен әлеуметтік-тәрбие жұмысын жетілдіру.