Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы

Кафедра басшылығы

Профессорлар-оқытушылар құрамы

Эдвайзерлер, кураторлар, старосталар

Мамандықтар сипаттамасы

Практика базасы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы


Мекенжайы: Астана қ., Жұмабаев к. 4,басты ғимарат, 406 каб.
Тел.: 8 (7172) 56-21-27
E-mail: kafedra_krf@mail.ru

Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы – кафедра меңгерушісі,филология ғылымдарының кандидаты,  доцент

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы 5В011700 – «Қазақ тiлi мен әдебиетi» мамандығы бойынша білім бакалаврларын даярлаушы кафедра болып табылады. Кафедра «Аударма iсi», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi», «Құқықтану», «Қаржы», «Педагогика және психология», «Тарих», «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мамандықтарында да жалпы білім беру, базалық, кәсіпкерлік циклдерге жататын пәндерден теориялық және практикалық курстарды жүргізеді.

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

  • білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
  • ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
  • әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);
  • бұқаралық ақпарат құралдары, аударма саласында;
  • ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);
  • өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде);
  • әдеби кеңесші.

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасына филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы меңгерушілік етеді. 5В011700 – «Қазақ тiлi мен әдебиетi» мамандығы бойынша білім бакалаврларын даярлаудағы өзіндік дәстүрі терең қалыптасқан.

Кафедра құрамы:

  • 1 ғылым докторы, профессор;
  • 9 ғылым кандидаты, доценттер;
  • 5 ғылым магистрі, аға оқытушы
  • 2 аға оқытушы .

Халықаралық ғылыми-педагогикалық қатынас және біліктілікті арттыру жұмыстары:

  • Карабюк университеті, Түркия, (университеттің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Э.Капаган);
  • А.И. Герцен атындағы РМПУ (профессор, ф.ғ.д. С.Н. Цейтлинг); – РФ
  • Чуваш мемлекеттік гуманитарлық ғылымдар институты (ф.ғ.д., профессор Н.И. Егоров);
  • РФ Хакас мемлекеттік университеті (профессор, т.ғ.д., түрколог В.Я. Бутанаев);
  • РФ Қазан Федералдық университеті (профессор Х.Ю. Миннегулов);
  • А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты;
  • Назарбаев университеті;
  • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ;
  • Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.б.

Мақалалары Қазақстан және Түркия, Ресей, Қытай, Чехия, АҚШ, Индия, Польша, Қызрғызстан мемлекеттерінде жарияланды.

Оқу-әдістемелік жұмыс:

  • Астана қаласының №48 мектеп-лицейінде, №68 мектебінде кафедраның филиалы бар.
  • мамандықтың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
  • мамандықтың кітапхана қоры 100%;
  • оқытудың техникалық құралдары (ғаламтор, лингафон және компьютер кабинеттері);
  • қазақ және орыс тілдері зертханасы;
  • практика базалары (Астана қаласындағы № 44, №38, №48, № 51, № 68 т.б. мектептер).

 

Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Студенттердің шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамыту: – «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігі («Аққу», «Жас дәурен», «Көңіл гүлі», «Тәуелсіздік толқыны» атты жыр жинақтары шықты). Республика көлемінде болып жатқан ақындар айтысында біздің студенттер де бар.  Абай, О.Бөкей, М.Мақатаев атындағы оқуларға біздің мамандықтың студенттері белсенді түрде ат салысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.