Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы

Кафедра әкімшілігі

Оқытушы-профессорлық құрам

Кураторлар, топ басшылары

Мамандықтардың сипаттамасы

Практика базалары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары


Мекенжайы:.Астана қ-сы, М. Жұмабаев даңғылы  4, №2 ғимарат, 509 каб.
Тел.: 8 (7172) 56-19-46
Email: eimd@inbox.ru

Кафедра меңгерушісі — Тажбенова Гүлжан Дальтонқызы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

«Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы ЕАГИ –дің алдыңғы қатарлы кафедраларының бірі және оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра қызметі негізінде, Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінде оның орнын анықтайтын, институт миссиясымен көрсетіледі.

Кафедраның білім беру үдерісі аса білікті мамандармен жүзеге асырылады. Олардың арасында ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, ғылым магистрлері және аға оқытушылар бар.

Кафедра дайындықты «Қаржы» (5В050900) мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес орындайды. Академиялық дәреже – экономика және бизнес бакалавры.

Мамандықтың басты міндеті, нарықтық экономика жағдайларында нәтижелі жұмыс істей алатын, еңбек нарығында бәсекеге жарамды маман бола алатын аса білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Білім алушыларды дайындау «Банк ісі», «Қаржы менеджменті» сияқты білім беру траекториялары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

«Қаржы менеджменті» траекториясы қаржы аясында жоғары топқа жататын жетекшілерді даярлауға бағытталған (қаржы директоры, қаржы менеджері). Осы траекторияға жататын пәндер, кез-келген кәсіпкерліктің негізгі тұлғасы қаржы менеджері екенін, яғни қаржы директоры – қаржы ресурстарын бақылайтын басшы екенін меңгертуге бағытталған.

«Банктік іс» траекториясы қазіргі заманғы банк ісі теориясы мен практикаксын игерген, елдің қиын, экономикалық дағдарыс кезінде қалыптаса алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл банк саласында жұмыс істейтін болашақ мамандардың сапалы қызметі үшін аса қажет.

Білім берудің сапалылығына және модульді білім беру бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында кафедраға, қаржы және банк ісі саласында тәжірибелері бар, белгілі ғалымдар мен тәжірибелі қызметкерлер шақырылады.

Кафедра ОПҚ-сы бакалаврларды дайындау бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен білім алушыларға жақсы жағдай туғызу жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Кафедра ұжымы оқу жүктемесін орындауда «Мемлекеттің тұрақты қаржылық саясатымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның экономикасын модернизациялау» кешенді мәселесі бойынша белсенді түрде ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, сонымен қатар оқытушылар ҚР БҒМ ККСОН ұсынған және шетел басылымдарына ғылыми мақалалар жазады.

_DSC0827

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер де белсенді қатысады. Кафедра аясында «Каржыгер» бизнес-клубы жұмыс істейді. Оның отырыстарында студенттер оқытушылармен бірге Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының өзекті мәселелерін талқылайды.

Жыл сайын «Қаржы» мамандығының студенттері ЕАГИ-дің «Ғылым және жаңа ұрпақ» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясына қатысады және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарына конференцияларға қатысу үшін шығады.

Кафедра түлектері өздерін аса білікті мамандар ретінде мынадай ұйымдарда көрсете білді: «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ, «Самрұқ-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Қазагрофинанс» АҚ, «Астана Халықаралық әуежайы» АҚ, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түліктік келісімшарттық  корпорация» ұлттық компаниясы АҚ, Астана қаласы бойынша  Салық департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы, Астана қаласы қаржы басқармасы ҚБ, «Астана-Су Арнасы» ҚБ, Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы, «Астана қаласы Алматы ауданының тұрғындарына қызмет көрсету орталығы», басқа да көптеген өндірістік, қаржылық және кеңестік ұйымдары.