Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған мамандарды даярлаудың ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Кафедраның ҒЗЖ институттың және кафедраның ҒЗЖ-ның жоспарымен сәйкес келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

  1. ЖОО-ның оқу циклі бойы студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы болып табылатын диплом жобаларын әзірлеу, оның ішінде «Құзыретті амал –жаңа ұрпақтың оқулықтарын дайындаудың негізі» атты ғылыми-мәселелік лабораторияның кешенді тақырыбының аясында жұмыс істеу; Орындалған диплом жобаларының нәтижелері бойынша педагогикалық мамандықтар түлектерінің ғылыми-әдістемелік жетістіктерді оқу үдерісіне енгізудің 30 актісі алынды.
  2. Жыл сайынғы ҒЗЖ Республикалық конкурсының институтішілік турын ұйымдастыру және өткізу.

2017 жылы комиссияның нәтижелері бойынша келесі студенттердің жұмыстары ұсынылды:

  • И. Касап, ПМНО-15-01, «Ауыл балалары өмірінің сапасының аспектілерінің әлеуметтік-педагогикалық аспектілері» (жетекші: әл.ғ.к., доцент К.А. Мухамбетова, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова)
  • Н. Рахматуллин, ИЯ-15-01, «fashion-бейне репрезентациясының визуалды және кеңістіктік аспектілері» (жетекші: әл.ғ.к., доцент К.А.Мухамбетова)
  • В.Снегурская, ПМНО-15-01, «Төменгі сынып оқушыларының бос уақыт қызметін дамыту бағдарламасының модулі» (жетекші: әл.ғ.к., доцент К.А. Мухамбетова, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова)
  • А.Ахмиева, ПМНО-14-01, «Қазіргі қоғамдағы қарым-қатынаста қолданылатын этностық дәстүрлердің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері» (жетекші: п.ғ.к., доцент Н.Т. Ныгыманова)
  • М. Батырханова, ППК-14-01, «ЖОО-да инклюзивті білім алу бағыты бойынша оқитын студенттерге педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» (жетекші: аға оқытушы: И.А.Тобагабылова)
  • Ж.М. Мукан, ИК-14-01, «Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу және даму кезеңдері» (жетекші: т.ғ.к., доцент К.Ш. Аубакирова)
  1. Жыл сайынғы ҒЗЖ Ресупбликалық конкурсының ІІ турына қатысу:

2015 жылы Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында кафедраның педагогикалық мамандықтарының 3-курс студенттері жеңіске жетті:

  • А. Шаирманова, 5В010300 –«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші: аға оқытушы Ж.И. Пахрутдинова).
  • З. Джумагалиева, 5В011400 – «Тарих», 3-дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші: т.ғ.к., профессор А.Ж. Аманбаев).
  • К. Искакова, 5В010300 –«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші: әл.ғ.к., доцент К.А. Мухамбетова).

2016 жылы Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында (Абай ат. ҚазҰПУ) кафедраның педагогикалық мамандықтарының  5 студенті жеңіске жетті:

  • Н. Шәгіл, 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасы (ғылыми жетекші: т.ғ.к., профессор А.Ж. Аманбаев).
  • А. Имангалиева, 5В010300 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (ғылыми жетекші: аға оқытушы: Ж.И.Пахрутдинова).
  • А. Бейсембенова, 5В010300 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (ғылыми жетекші: аға оқытушы И.А. Тобагабылова).
  • М. Аймагамбетова, 5В010300 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (ғылыми жетекші: аға оқытушы, психология магистрі М.К.Тойшибекова).
  • М. Батырханова, 5В010300 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы (ғылыми жетекші: аға оқытушы, психология магистрі М.К.Тойшибекова).
  1. «Ғылым және жаңа ұрпақ» жыл сайынғы ғылыми студенттік конференцияға қатысу.

Педагогика кафедрасының білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер «Ғылым және жаңа ұрпақ» студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы республикалық ғылыми конференциясының белсенді қатысушысы болып табылады. Ұсынылатын баяндамалардың тақырыптамасы үнемі әртүрлі, ал мазмұны өзектілігі мен ғылыми жаңашылдығымен ерекшеленеді. Сонымен, 2016 жылы Шәгіл Нұргүл – «1921-1922 жж. Түркістан республикасының қазақ облыстарындағы жер-су реформасы», Батырбаева Құралай – «XX ғасырдың 20-30-шы жж. Кеңес өкіметі мен Алаш интеллигенциясының арақатынастары», Кеңесқұл Еламан – «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш қозғалысы», Қалшабек Бидоса «1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың ақтаңдағы немесе Оңтүстік көтерілісі хақында», Шамшархан Мейрамгүл «Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі».

Психологиялық-педагогикалық тақырыптама бойынша: Тешабаева Ұғылай – «Проблема осознания старшеклассниками личностных мотивов выбора профессии», Габбас Айзада – «Профайлинг», Жургумбекова Гульнар – «Детско-родительские отношения во время выбора профессии», Қайратқызы Анель – «Учебник истории Казахстана: мнения школьников», Канапина Зарины – «Взаимодействие семьи и школы в формировании личности младшего школьника» жұмыстары, сонымен бірге: Түкбаева Асем, Мухамедова Назерке, Мұратбаева Жұлдызайдың баяндамалары белгіленді.

2017 жылы:  Зульфия Рахимбаеваның  «Әмір Темірдің Мәуеренахрда жеке билігінің орнауы»,  Рабиға Көшербайдың «Барон О.А. Игельстромның Кіші жүздегі реформасы және оның сәтсіздікке ұшырауы»,  Аружан Өміртаеваның «Кіші Қазан» тұжырымдамасы жүзеге асырылуы тұсында басшылық қызметтегі қазақ зиялыларына қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін», Альбина Кенесбаеваның «Кеңес өкіметі кезіндегі алаштық бағыттағы зиялылардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауы, Валентина Снегурскаяның «Модель программы развития досуговой деятельности младших школьников» ең үздік баяндамалар болып белгіленді.

Айгерим Болатоваға – «Социально-психологическая работа с осужденными», Анжелика Весельскаяға «Бюджет времени: понятие и методы исследования», Валентина Барабанға – «Основные направления в работе педагога с детьми из неполных семей», Альмира Ахмиеваға – «Қоршаған әлемді таныстыру барысында баланың эстетикалық талғамын қалыптастыру», Ботагоз Амангельдиноваға – «Тастанды балалар – тасбауыр аналар (әлеуметтік психологиялык мәселесі ретінде»), Мейрамкуль Батырхановаға — «ЖОО-да инклюзивті білім алу бағыттары бойынша оқитын студенттерге педагогикалық-психологиялық көмек көрсету ерекшеліктері» жүлделі орындар берілді.

  1. Студенттердің мамандық бойынша республикалық студенттік олимпиадаға қатысуы

2014 жылдың сәуірінде Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен тарих бойынша VI Республикалық студенттік пән олимпиадасында ЕАГИ-дің студенттік командасы ІІ орынды иеленді.

2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нде өткен тарих бойынша VII Республикалық студенттік пән олимпиадасында ЕАГИ командасы «Үздік ғылыми жоба» номинациясында 1-дәрежелі дипломды иеленді, «Үздік капитан» номинациясында 1-дәрежелі дипломмен К.Сабиев марапатталды.

2017 жылдың 29 наурызында «Инсайт» (ПП-14-01 тобының студенттері: Бейсембенова Айдана, Ибраева Альсина, Жургумбекова Гульнара, Кудабаева Мадина) командасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Педагогика және психология» мамандығы бойынша IX Республикалық студенттік олимпиадасында III орынды иеленді.

14 апреля 2017г. команда «Болашақтың педагогтары» (студенты группы ПМНОК-14-01: Ахмиева Альмира, Тұрсынбаева Жұлдыз, Төлеген Гүлдана, Ибраим Гүлбану), 2017 жылдың 14 сәуірінде «Болашақтың педагогтары» (ПМНОК-14-01 тобының студенттері: Ахмиева Альмира, Тұрсынбаева Жұлдыз, Төлеген Гүлдана, Ибраим Гүлбану) командасы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша IX Республикалық студенттік пән олимпиадасында II орынды иеленді.

  1. Кафедра жанында ғылыми ұйымдардағы студенттердің жұмысы:
  •  «Тұран» ғылыми проблемалық топ  (жетекшілерІ: доц. К.Ш.Аубакирова)
  •  «Бастауыш мектепте пәндерді оқыту әдістемелерінің қазіргі мәселелері» ғылыми проблемалық топ  (жетекшілері: п.ғ.к., доц. Н.Т.Ныгыманова)
  •  «Асыл қазына» студенттік клуб (жетекшілері: п.ғ.к., доц. Н.Т.Ныгыманова)
  •  «Асыл жүрек» студенттік клуб (жетекшілері: әл.ғ.м., аға оқытушы А.Т.Аязбаева)
  • «Равный-равному» студенттік клуб (жетекшілері: пс.ғ.д., проф. Т.А.Абдрашитова, п.ғ.к., доц. Я.Н.Оспанова)
  1. Студенттердің халықаралық, республикалық, жоғары оқу орындары арасындағы және институтішілік конкурстарға, студенттік конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысуы.

2013 жылдың наурыз айында 5В010300 –«Педагогика және психология» мамандығының студенттері Т.И. Раменская мен Я. Сулима (ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор А.Н.Тесленко) «Меняющаяся молодежь в меняющемся мире: взгляд изнутри» халықаралық практикалық жастар форумында 1 және 3-орындарды иеленді ( Көкшетау қаласы, 28-29 наурыз 2013 ж.).

2013 жылы сәуірде 5В010200–«Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті П. Мақсат «ХІІІ Сатпаев оқулары» атты халықаралық студенттік конференциясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (Павлодар қаласы, 11-13 сәуір, 2013 ж.).

2014 жылы «Педагогика және психология» мамандығының студенті Т.Д. Лунегованың  «Подростки с ЗПР в общеобразовательной школе» мақаласы  (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Т.Н Кемайкина) Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағына енді  (Павлодар, 2014).

2015 жылы «Ювенологические чтения-2015» Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының материалдары жинағына «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Д.Болатованың «Селфи как способ презентации самого себя» және А. Жангуразованың «Роль отца в психологическом развитии ребенка» (ғылыми жетекшісі: доцент Т.Н. Кемайкина) атты мақалалары енді (Астана, 20 сәуір 2015 ж.).

2016 жылы 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Ә.Е.Тәжим, Қ.О. Қожағалиева ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Н.Т Ныгымановамен бірлескен авторлықтағы  «Медиабілім технологияларын дамытудың жолдары» және Б.А. Амангельдинова «Медиа білім – Қазақстанда білім берудің парадигмасы» мақалаларымен «Интеграциялық үдеріс контексінде Қазақстандағы медиабілімнің дамуы: қазіргі жағдайы және болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Мақалалар аталған конференцияның материалдары жинағына енді, сертификаттары бар. (Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2016 жыл 26 қараша).

2016 жылдың сәуірінде 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті А.Кыздарбекова (ғылыми жетекшісі: доц. Н.Т. Ныгманова) С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нде өткен «ХІІ С.Сейфуллин оқулары: жастар ғылымда – келешектің инновациялық әлеуеті» атты студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты, баяндамасы материалдар жинағына енді.

Осы конференцияға 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының студенттері А. Бейсембинова (ғылыми жетекшісі: Р.А. Тобагабылова), А. Ибраева (ғылыми жетекшісі: доц. А.Б. Изделеуова) қатысты, олардың мақалалары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нде өткен «ХІІ С.Сейфуллин оқулары: жастар ғылымда – келешектің инновациялық әлеуеті» атты студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары жинағына енді.

2016 жылдың қараша айында Т. Жургенев атындағы Ұлттық өнер академиясында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000-жылдығына арналған «Қазақстан XX ғасырдың басы: дамудың саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени аспектілері» атты Жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференцияға 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері Асылбекова Тамирис «Ұлттық тарихтағы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы орны мен рөлі», Мұқан Жанагүл «Алматы қаласының архитектурасы» (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент К.Ш. Аубакирова.) баяндамаларымен қатысты. Студенттердің баяндамалары конференция материалдарының жинағына енді, сертификаттар берілді.

2017 жылы 5В010300 — «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының бітіруші курсының студенті Орумбаева  Томирис «Ювенологиялық оқулар – 2017» атты Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясында «Үздік баяндама» номинациясында І орынды иеленді (Астана, ҚазМЗУ).

2017 жылы 5В010300  –  «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Касымова Диана Тұран-Астана университетінде өткен «Білім, ғылым, инновация – жас зерттеушілердің үлесі» VІІІ жоғары оқу орындары арасындағы жас ғалымдардың, магистранттардың және студенттердің ғылыми-практикалық конференциясында 2-дәрежелі дипломды иеленді (ғылыми жетекші: әл.ғ.к., доцент К.А. Мухамбетова).

2017 жылы Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Кіші Академиясының Павлодарлық бөлімі Инновация Еуразиялық университетімен бірге өткізген «Білім мен ғылымды біріктіру – болашақққа бір қадам» атты ХVІІІ ғылыми-практикалық конференциясында педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларының келесі студенттері:

  • Снегурская Валентина – 1-дәрежелі дипломмен (ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова);
  • Амангельдинова Ботагоз – 1-дәрежелі дипломмен (ғылыми жетекшісі: әл.ғ.м., аға оқытушы А.Т. Аязбаева);
  • Ислямова Айсулу – 2-дәрежелі дипломмен (ғылыми жетекші: аға оқытушы И.А.Тобагабылова);
  • Бөрибай Айжан – 2-дәрежелі дипломмен (ғылыми жетекші: әл.ғ.м., аға оқытушы А.Т. Аязбаева);
  • Касап Ирина – 3-дәрежелі дипломмен (ғылыми жетекші: әл.ғ.к., доцент К.А. Мухамбетова) марапатталды.