Педагогика кафедрасы

Кафедра басшылығы

Профессор-оқытушылар құрамы

Эдвайзерлер, кураторлар, топ басшылары

Мамандықтардың сипаттамалары

Практика базалары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары


Мекенжайы: Астана қ-сы, М. Жұмабаев д-лы, 4-ғимарат, 2-каб. 408

Тел.: 8 (7172) 49-95-41, 56-23-32
E-mail: bs2707@mail.ru

Кафедра меңгерушісі — Сарсекеев Бауыржан Сапарұлы, педагогика ғылымдарының докторы, доцент.

Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Тарих», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» сияқты мамандықтар бойынша ХХI ғасыр Мұғалімінің даңқты жолын таңдаймын деген студенттерді зор қуанышпен қарсы алуға дайын.

Педагогика кафедрасы –ЕАГИ-де тұңғыш ашылған кафедра. Кафедра құрылғаннан бері Қазақстан Республикасының білім беру саласына мына мамандықтар бойынша екі мыңнан астам мұғалім даярлады:

  • «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
  • «Педагогика және психология»
  • «Тарих»
  • «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (2015 жылдан бастап).

Кафедра өз жұмысында профессор-оқытушылар құрамын қалыптастыруға көп көңіл бөледі, мұнда сабақтастық, кәсіби шеберлік пен білім беру кеңістігін дамытуда жаңа үрдістерді іске асыру қағидаттары негізге алынады.

Бүгінде кафедраның тиімді қызметі аға, орта және жас буындағы оқытушылардың жарасымдылығы есебінен қамтамасыз етіледі. Оқытушылардың 70%-дан астамының ғылым докторы, ғылым кандидаты деген ғылыми дәрежелері, профессор, доцент деген ғылыми атақтары бар.

Кафедра жанында ғылыми-проблемалық зертхана жұмыс істейді. Зертхана жұмысы мектеп оқулығы тарихы мәселелерін зерттеуге, студенттерге, мұғалімдер мен оқушыларға оқу құралдарын әзірлеуге бағытталған. Педагоика кафедрасының ғылыми жұмысы «Құзыреттілік келіс жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын дайындаудың негізі ретінде» және «Мұғалімдерді кәсіби даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және педагогикалық технологиялар» атты кешенді тақырыптарға жұмылдырылған. Сондай-ақ ЕАГИ-дегі психологиялық қызмет шеңберінде (жетекшісі психол.ғ.д. Т.А. Абдрашитова) психологиялық диагностика оқу зертханасы, практикалық психология оқу зертханасы, өзін-өзі тану оқу зертханасы жұмыс істейді. Құрылған Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау орталығы (жетекшісі – аға оқытушы, магистр М.К. Тойшыбекова) уақыт талабына сай.

Кафедра ЕАГИ мен алыс және жақын шетелдердегі ЖОО-лармен жасалған келісім, шарттардың шеңберінде халықаралық, ЖОО аралық ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асырады. Оқытушылар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысады, ғылыми іссапарларға шығып тұрады (Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, Ашхабад, Челябинск, Новосибирск, Варшава, Берлин, т.б.). Бүгінде Интернационалдық біліктілікті көтеру орталығымен (Дюссельдорф қ-сы, Германия), В Вятск МГУ-мен (Ресей), Грузин ұлттық университетімен (Тбилиси қ-сы, Грузия), Пермь МУ-мен (Ресей) келісімшарттар жасалған. Бірқатар оқытушы шетелдерде: Германиядағы Интернационалдық біліктілікті көтеру орталығында (Дюссельдорф қ-сы), Ұлыбританияда (Университет Ньюкасл), Ресейде, Азербайжанда біліктілікті көтеру курсынан өтті.

Кафедра оқытушылары Қазақстанның қазіргі заман тарихы – Қазақстан мәдениеті, 20 ғасырдағы индустриалды даму, 20 ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының тағдыры бағытында зерттеулер жүргізеді; девиантты әрекет, әлеуметтік жетімдік, профайлинг, гендерлік зерттеулер және адам ресурстарын басқару проблемаларымен белсенді жұмыс істейді; педагогикалық инновациялар, студенттердің өз бетінше жұмыстары мәселелерін әзірлейді, ата-аналарда психологиялық-педагогикалық құзыреттер қалыптастыру және т.т.

Педагогика кафедрасы өз студенттерінің ғылыми жетістіктерімен мақтана алады, олар республикалық, жалпы қалалық, сондай-ақ ЕАГИ-дің жыл сайынғы «Ғылым және жаңа ұрпақ» конференциясына белсенді қатысады. Мәселен, 2014 ж. 11-14 сәуірінде Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да өткен тарих пәнінен VI республикалық студенттік олимпиадада «Тарих» бағыты бойынша ЕАГИ командасы ІІ орын алды. Ал 2015 жылы «Жас Алаш» тарихшылар командасы Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да тарих пәнінен өткен VIІ республикалық студенттік олимпиадада «Үздік ғылыми жоба», «Үздік капитан» аталымдары бойынша І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Студенттеріміз Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткізілген республикалық студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурсында жоғары нәтижелер көрсетті. 2015 жылы кафедраның үш студенті жүлделі орындарға ие болды: «Тарих» мамандығының 4-курс студенті Жұмағалиева Зейнел ҚР БҒМ-ның ІІІ дәрежелі дипломымен, «Педагогика және психология» 3-курс студенті Искакова Камила ҚР БҒМ-ның ІІІ дәрежелі дипломымен, «Педагогика және психология» 3-курс студенті Шаирманова Ақнұр ҚР БҒМ-ның І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Кафедрада көп жыл бойы студенттердің «Тарихшы» ғылыми үйірмесі белсенді жұмыс істейді, «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» проблемалық тобы, «Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігі» студенттік инновациялық орталығы, «Теңбе-тең» студенттік тренинг орталығы, «Асыл жүрек» волонтерлік клубы істейді. Педагогикалық мамандықтар студенттері «Қалалық балалар кеңістігі» атты зерттеуге, жыл сайынғы педагогикалық олимпиадаларға қатысады.

Кафедра жастардың тұлғалық дамуына көп көңіл бөледі. Кафедра мамандықтары бойынша оқудан өткен студенттер волонтерлік, қайырымдылық және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Олар «Бітімгершілік» лагерлерінің жаттықтырушылары, «Қазақ психологтер қауымдастығы» АҚ мемлекеттік емес ұйымдарымен ынытмақтастық шеңберіндегі волонтерлік қозғалыстардың қатысушылары болып табылады, Астана қаласы Қан құю орталығы жобасы бойынша жұмыс істейді, тиімді қарым-қатынас дағдыларына, креативті ойлауға қалыптастыру бойынша оқыту семинарларын жүргізеді. Кафедра студенттері аға оқытушы Ж.И. Пахрутдинованың жетекшілігімен әлеуметтік жетімдік проблемалары бойынша волонтерлік жобаларды жүргізеді және Ақмола облысының балалар үйлерінде тәрбиеленуші балаларға психологиялық көмек көрсетеді (Ақкөл және Жолымбет балалар үйлері).

Педагогика кафедрасы студенттер ұжымдарының, клубтарының шығармашылық жұмыстарын белсенді қолдайды. Мәселен, кафедра жанында студенттер мен оқытушыларға арналған би студиясы істейді. Кафедры студенттері спорт секцияларына, жастар арасында неғұрлым танымал волейбол және баскетбол секцияларына белсенді қатысып тұрады.

Кафедра жанында психологиялық кеңес беру кабинеті тұрақты істейді, онда маман-психологтер студенттердің басында проблемалар туындағанда оларға жекелей қажетті көмек көрсетіп отырады.

Осылайша, Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасы ОПҚ-сының күшімен студенттердің келекшектегі еңбек және қоғамдық өміріне пайдасы тиетін орнықты білім, кәсіби дағды мен шеберлік алуы үшін толық жағдай жасалды. Қазіргі уақытта кафедра түлектеріне деген сұраныс бар, олар өздерін тек педагогика ғана емес, мемлекеттік қызметте, жекеменшік компанияларда да жақсы жағынан танытып жүр.