ХVІІ қалалық тілдер фестивалінің аясындағы «Тіл апталығы»

Үстіміздегі жылдың 14-қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен ХVІІ қалалық тілдер фестивалінің аясында «Тіл апталығының» ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға институтымыздың оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов, институт деканы ф.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Н.М. Қоқышева және профессорлық оқытушылар құрамы мен әр топ студенттері қатысты. Проректор Қ.Ә. Ахметов өз сөзінде жиналған қауымды апталықтың ашылуымен құттықтап, тілдің қадір-қасиеті жөнінде толғамды ой айтты.

Кафедраның тәрбие жұмысына жауапты педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Е.Ж. Жұпархан апталықтың ашылуына студенттер мен жауапты оқытушыларды қатыстырып, жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.