«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ

2017 жылдың 1 қазанына дейін Алаш қозғалысының: Алаш ұлттық автономиясының, «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауы жарияланып, жазбаша жұмыстар (эссе, шығармалар) қабылданды. Іріктеу нәтижелері бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Дәуіт Айым ІІ кезеңге жолдама алып, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткен байқау барысында ғылыми-зерттеу жұмысын сәтті қорғап, ақшалай сыйақымен марапатталды.