Халықаралық студенттер күні

19 қараша күні бүкіл әлем студенттері төл мерекелері – Студенттер күнін атап өтеді. Біздің Еуразия гуманитарлық институтымыз да осы мерекені атап өтті.

Студенттер үйінде тұратын білім алушылар Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өздерінің ұйымшылдықтары мен таланттарын көрсетті.

Іс-шараның салтанатты бөлімін тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова және ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнахан құттықтау сөздерімен ашты. Студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларына алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті.

Концертте бірінші курс студенттері жасы үлкенірек жодастарымен бірге өнер көрсетті. Би, поэзия, вокал және ойындар осы іс-шараның рухын толықтай көрсетті.

Студенттік жылдар – көптеген жаңалықтар мен қуаныш сыйлап, жаңа достар табуға көмектесетін ғажайып уақыт! Біздің студенттеріміздің студенттік уақыттары өмірлерінің жарқын кезеңдеріне айналуына тілектеспіз!