ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ-2018

9-12 сәуір аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ү Халықаралық Фараби оқулары аясында Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысына институтымыздың 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері қатысып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:

І орын – ҚТӘ-15-01 тобының студенті Т. Қанатова (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент А.Б. Шормакова);

ІІ орын – ҚТӘ-15-02 тобының студенті Н. Қалышбекова (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент А.Б. Шормакова);

ІІ орын – ҚТӘ-16-01 тобының студенті Көшенова Айым (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Шормакова)

ІІ орын – ҚТӘ-15-01 тобының студенті Қ.Қ. Медетбеков (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Алимбаев);

ІІІ орын – ҚТӘ-15-02 тобының студенті А.Дәуіт (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент А.Б. Шормакова)