Еуразия гуманитарлық институты бос қызмет орындарына конкурс жариялайды

Кафедра меңгерушілері:

  • Педагогика кафедрасының –  1 шт. бірілік
  • Қазақ және орыс филология кафедрасының – 1 шт. бірілік

Кафедра профессорлары:

  • Педагогика кафедрасының – 1 шт. бірілік

Кафедра доценттері:

  • Заң пәндері кафедрасының – 2 шт. бірілік
  • Шетел тілдері кафедрасының – 4 шт. бірілік
  • Қазақ және орыс филология кафедрасының – 5 шт. бірілік

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  2. өмірбаян;
  3. жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
  6. № 086 нысанындағы медициналық анықтама;
  7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
  8. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.
  9. Конкурсқа қатысу туралы өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішіндегі мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс.

Біздің мекен жайымыз: 010009 Астана қ., . М. Жұмабаев даңғылы,  4, тел. 561-933, 571-225