Еуразия гуманитарлық институты бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Кафедра доценті:  
Заң пәндері 1 шт.бірлік
Экономикалық және математикалық пәндер 2 шт.бірлік
Шетел тілдері 3 шт.бірлік
Педагогика 5 шт.бірлік
Кафедра аға оқытушысы:
Заң пәндері 7 шт.бірлік
Экономикалық және математикалық пәндер 2 шт.бірлік
Шетел тілдері 11 шт.бірлік
Педагогика 4 шт.бірлік
Қазақ және орыс филологиясы 3 шт.бірлік

Соңынан еңбек шарты жасалатын конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар жоғары оқу орны басшысының атына өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. кадрларды есепке алудың жеке парағы;
  2. өмірбаян;
  3. жоғары білім туралы дипломдардың, академиялық және ғылыми дәрежелері, ғылыми атақ туралы құжат және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
  4. қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (егер болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
  5. ғылыми еңбектердің, жарияланымдардың және өнертабыстардың тізімі (егер бар болса);
  6. 086 нысанындағы медициналық анықтама;
  7. қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  8. наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының тіркелмегендігі туралы анықтамасы;
  9. үміткердің тіркелмегендігі туралы нейропсихиатриялық ұйымның анықтамасы;

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымы және т.б.), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтініш берудің мерзімі – 2020 жылдың 6 ақпанынан 2020 жылдың 25 ақпанына   дейін (конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн).

Біздің мекенжайымыз: 010009 Нұр-Сұлтан қаласы, М. Жұмабаев даңғылы, 4, тел. 561-933, 571-225