ЕАГИ салауатты өмір салтын таңдайды!

22-24 қараша күндері ЕАГИ-де волейбол бойынша біріншілік өтті. Оған институттың әртүрлі мамандығының студенттері қатысты. Жарыс аралас командада (жасөспірімдер мен қыз балалар) өтті.

24 қарашада финалда турнир жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды «Құқықтану» (орыс бөлімі) мамандығының командасы; екінші орынды «Құқықтану» (қазақ бөлімі) мамандығының командасы; үшінші орынды «Қаржы» (орыс бөлімі) мамандығының командасы жеңіп алды.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., Я.Н. Оспанова мен ЕАГИ спорттық клубының жетекшісі Р.С. Балтабеков жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыстады.

Студенттерді жетістіктерімен құттықтаймыз!

ЕАГИ спорттық рух пен салауатты өмірді таңдайды!