ЕАГИ ректоры грантының конкурсы!

2019 жылдың 22 тамызында сағат 11.00-де Еуразия гуманитарлық институтында көптен күткен ЕАГИ РЕКТОРЫ ГРАНТЫНЫҢ КОНКУРСЫ өтті. Конкурсты ҰБТ және КТ-ға дайындау бойынша қоғамдастық желісін құрушы Яичникова Кристина Игоревна өткізді.

ЕАГИ ректоры грантының конкурсы онлайн режимінде өткен олимпиада нәтижелерінің негізінде өткізілді. Бірдей балл жинаған грант үміткерлеріне қосымша кезең өткізілді. Бұл келесі жеңімпаздарды анықтады:

  1. Тегін оқу грантының иегері — Абишева Аружан Рахатқызы (6B01704 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Шетел тілі: екі шетел тілі) білім беру бағдарламасы);
  2. 50% жеңілдікпен оқу грантының иегері — Кайриденова Мөлдір Асқарқызы (6B01704 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Шетел тілі: екі шетел тілі) білім беру бағдарламасы);
  3. 25% жеңілдікпен оқу грантының иегері — Кенжебек Нұргул Қазбекқызы (6B01704 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Шетел тілі: екі шетел тілі) білім беру бағдарламасы).

Төртінші жеңімпаз Арапханова София Даудовнаға (6B02307 – «Тілдер және әдебиет» (Аударма ісі) білім беру бағдарламасы) оқуға 15% жеңілдік берілді!