ЕАГИ-дегі жаңа элективті курстар

Еуразия гуманитарлық институты жыл сайын студенттерге әртүрлі қосымша курстар бойынша ақысыз білім алуға мүмкіндік береді. Мысалы, өткен жазда авторы доцент Нақыпбекова Раиса Үбітайқызы болып табылатын «Күйзелісті басқару» және «Сын тұрғысынан ойлау» тәрізді элективті курстар ұсынылды. Аталған пәндер бойынша «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагог-психолог», «Аударма ісі» және «Шетел тілдері» мамандығының студенттері білім алды. Барлық сабақтар тренинг, дөңгелек үстелдер, постер-сессия және жобаларды қорғау формасында өтті.

Осындай элективті курстар бойынша білім алған студенттер өздерінің коммуникативтік және жасампаз ойлау дағдыларын дамытып, күйзелістерді басқаруға үйренгендіктерін айтады.