ЕАГИ-де таныстыру аптасы өтті

2017 жылдың 2-6 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтының конференц-залында институт әкімшілігінің бірінші курс студенттерімен кездесуі өтті. Кездесулердің басты мақсаты бірінші курс студенттерін ЖОО-ның әкімшілігімен, топ кураторларымен, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларымен, ЕАГИ жарғысымен, жоғары оқу орны студентінің ар кодексімен және оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережелерімен таныстыру болды. Институттың бірінші проректоры, психол.ғ.к., профессор А.Д. Исмаилов тілек және қолдау сөздерін білдірді. Проректор ЕАГИ-де оқу үдерісінің ерекшеліктеріне тоқталды, студенттердің келешекте өз салаларында бәсекеге қабілетті маман болуларына қажетті сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Бірінші курс студенттерін оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов, институттың деканы, ф.ғ.к., доцент                      Қ.А.  Мамаділ құттықтап, ЕАГИ-дегі оқу және тәрбие жұмысының негізгі ережелері туралы баяндады. Кездесу барысында студенттер сұрақ қойып, пікір алмасты. Сондай-ақ студенттер алдында пресс-орталықтың жетекшісі И.С. Воронцова, ЖІК төрағасы Н. Тырнахан сөз сөйледі.

Бірінші курс студенттеріне оқуда табыс, бастамаларына жаңа жетістіктер мен сәттілік тілейміз!