ЕАГИ-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды

Еуразия гуманитарлық институтында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер белсенділері қатысқан, Ғылыми кеңес пен ректораттың кеңейтілген мәжілістері өтті.

Институттың ректоры академик А.Қ. Құсайынов өз сөзінде Жолдаудың негізгі бағыттарын атап, бұл құжаттың әрбір қазақстандықтың өміріне қатысы бар екендігін айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан әлемдегі тұрақты және беделді мемлекетке айналғандығы туралы айтылды. Ол біртұтастықтың арқасында тәуелсіздігін нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасады.

Сонымен бірге, Президент қазір Тәуелсіздіктің жетістіктерін көбейтуге және елді дамудың сапалық жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік барын атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, біз бар күшімізді білім беру сапасын, ғылыми зерттеулер мен олардың практикалық қайтарымын жақсартуға бағыттауымыз керек.

Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департаменттің директоры С.Б. Загатова, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Г.Д. Тажбенова, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Л.Н. Дауренбекова, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Е.К. Даурембеков, 4-курс студенті, ҚР Президенті стипендиясының иегері А.Айтымова мемлекет басшысының қоғам мен мемлекет арасындағы диалог негізінде қоғамды өзгерту жолындағы идеяларын қолдады.

Ректор А.Қ. Құсайынов талқылауды қорытындылады және институт ұжымының Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді қолдайтындығын және оларды сәтті жүзеге асыруға белсенді қатысатындығын атап өтті.