ЕАГИ-де оқу үшін 3 РЕКТОР ГРАНТЫНА конкурс өткізіледі

Еуразия гуманитарлық институты алғашқы рет 2017 жылы ЕАГИ-ге түсуші күндізгі бөлім студенттері үшін оқуға арналған 3 РЕКТОР ГРАНТЫНА конкурс жариялайды:

  1. ақысыз оқуға
  2. 50% жеңілдікпен
  3. 20% жеңілдікпен

ЕАГИ ректорының 3 грантына конкурс 2017 жылдың 3-23 тамыз аралығында ЕАГИ-дің ресми парағында Инстаграм @eagi_life әлеуметтік желісінде өткізіледі.

Ректор гранты конкурсына 2017 жылғы талапкер келесі талаптарды орындаған жағдайда қатыса алады:

  1. 1. ҰБТ-ны (біздің мамандықтар бойынша) келесі бейінді пәндерден тапсырса (кемінде 50 балл жинаса, оның ішінде әр пән бойынша 5 балл):

1) Биология+География

2) Тарих+География

3) Оқу тілі мен әдебиеті+Тарих

4) Шетел тілі: екі шетел тілі+Тарих

5) Тарих+Адам.Қоғам.Құқық

6) Математика+География

  1. КТ-ны (біздің мамандықтар бойынша) келесі жалпы бейінді және бейіндеуші пәндерден тапсырса (кемінде 35 балл жинаса, оның ішінде әр пән бойынша 5 балл),:
  • Педагогика және психология негіздері+тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы
  • Педагогика және психология негіздері+Қазақстан тарихы
  • Педагогика және психология негіздері+ағылшын тілі.
  • Педагогика және психология негіздері+қазақ тілі.
  • Қазақ/орыс тілі+ағылшын тілі.
  • Мемлекет және құқық теориясының негіздері+ҚР азаматтық құқығы
  • Қаржы және кредит + Ұйымдар қаржысы

 Грант конкурсына қатысу шарттары өте қарапайым:

  1. Инстаграм @eagi_life парағына жазылу қажет
  2. Өз парағына репост істеу, белгілеу, осы фото суретті қосу+ толық аты-жөнін көрсету
  3. Фото суретте 3 досты белгілеу
  4. Уәждемелік пост жазу: Неге ЕАГИ-де оқығым келеді?
  5. Хэштег қою#ЕАГИ-ге түскім келеді
  6. Фото суретте бізді белгілеу
  7. Осы фото суреттің астына толық ТАӘ-ні және «Қатысамын» сөзін жазу
  8. Парақты ашық ұстау және конкурстың соңына дейін постты жоймау
  9. Түсініктемелерде сізге жеке нөмір тағайындалады

Конкурс 2017 жылғы 23 тамызда сағат 11.00-де Еуразия гуманитарлық институтының ғимаратында, Астана қ., М.Жұмабаев даңғ., 4 мекенжайы бойынша өткізіледі. Ректордың 3 грантының біреуін жеңіп алған талапкерлер конкурс кезінде залда болуы тиіс және жоғарыда аталған барлық шарттарға сәйкес болуы керек (құжаттардың, бейінді пәндердің және балл санының сәйкес болуы). Егер жеңімпаз залда болмаса немесе құжаттар талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, грант тағы да конкурсқа түседі немесе резервтегі жеңімпазға беріледі.

Қатысу ережелерімен және екі жақтық жауапкершілікпен толық танысу үшін, http://egi.kz/drawing2017/ сілтемесіне өтіңіз.

Грант конкурсына қатысу үшін Инстаграм @eagi_life парағына өтіңіз, сурет пен оның астындағы мәтінді белгілеңіз.

Толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының телефондары бойынша хабарласыңыз:

+7 (7172) 56-22-00,
+7 (775) 159-98-54