ЕАГИ-де күзгі экологиялық айлық аясында сенбілік өтті

2017 жылдың 16 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық аясында «Астана — таза қала» сенбілігі өтті. Сенбілікке институт ректоры, академик А.Қ. Құсайынов, институттың әкімшілігі, профессорлар-оқытушылар құрамы, сонымен бірге ЕАГИ студенттері қатысты. Сенбілікке қатысушылар бекіністік құрал-саймандармен (күрек, тырнауыш), қолғаптармен және қоқысқа арналған қаптармен қамтамасыз етілді. Қала аумағында санитарлық тазалық жүргізілді.

Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғамның назарын Астана қаласының көшелерін таза ұстауға аудару және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Көшелерді және аулаларды абаттандыруын жақсартуға өз үлесін қосуға, барлық қалаушы тұрғындар және қала ұйымдастырушылары қатыса алады.