ЕАГИ-де Білім күніне арналған митинг өтті

2019 жылдың 1 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында Білім күніне арналған митинг өтті. Институттың ректоры, академик А.Қ. Құсайынов барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады және 2019-2020 оқу жылына арналған ҚР Президентінің атаулы стипендияларын тағайындау туралы Ғылыми кеңестің шешімімен студенттерді таныстырды. ҚР Президентінің стипендиясын күндізгі бөлімнің «Құқықтану» мамандығының 4-курс студенттері А.Адилова мен А.Маденова, «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті А.Айтымова және «Шетел тілі: екі шетел» мамандығының 3-курс студенті Ж.Бабишева иеленді.

Институт ректоры 2018-2019 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша келесі номинацияларға дипломдар табыстады: «Үздік жас оқытушы» – А.Е. Алимбаев, Е.К. Дәуренбеков, Ж.Т. Сүлейменов; «Үздік куратор» — А.К. Балжанова, Н.Ж. Болатбекова, К.Е. Үмбетова; «Үздік оқу тобы» – ЮК-16-01 (куратор Г.А. Канафина, староста Н.Спатай), Ф-17-01 (куратор Б.А. Баймамыров, староста А.Акенева); «Үздік студент» — А.Қосылбекова (ҚТӘ-16-01 тобы), Ж.Актаев (ЮК-17-01 тобы), Н. Қаирбек (ФК-17-01 тобы), М. Белгибаева (ППК-17-01 тобы). Сонымен қатар ректордың білім грантының иегерлері А.Абишева (ақысыз білім алу гранты), М. Кайриденова (50% жеңілдікпен білім алу), Н.Кенжебек (25% жеңілдікпен білім алу), С.Арапханова (15% жеңілдікпен білім алу) марапатталды.

Институт ректоры академик А.Қ. Құсайынов институттың келесі оқытушылары мен қызметкерлеріне С.Т. Абельдиноваға, М.Ә. Жагипароваға, Р.Ғ. Кайроллаға, Н.К. Молдашеваға, Б.Е. Сыздықовқа Алматы ауданы әкімінің құрмет грамотасын табыстады.

Институттың оқытушылары мен студенттерін тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты Я.Н. Оспанова, декан, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.А. Мамаділ, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.С. Сәрсекеев, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н. Дәуренбекова құттықтады.

Институттағы дәстүр бойынша оқытушылар мен студенттер үшін ЕАГИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитеті музыкалық құттықтау ұйымдастырды.