ЕАГИ-де Білім күніне арналған митинг өтті

2017 жылдың 2 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында Білім күніне арналған митинг өтті. Митингте институттың ректоры, академик А.Қ. Құсайынов баршаны жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады және студенттерді Ғылыми кеңестің ҚР Президентінің 2017-2018 оқу жылына арналған атаулы шәкіртақыларының тағайындалуы туралы таныстырды, сондай-ақ ректор грантын тағайындауға арналған конкурстың, 2016-2017 оқу жылындағы «Үздік куратор», «Үздік оқу тобы», «Үздік студент», «Кафедра ЖІК-інің үздік төрағасы» конкурстарының қорытындыларымен таныстырды.
Барлықтарыңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Оқуларыңыз бен жұмыстарыңыз табысты болсын!