ЕАГИ-де білім алу үшін 3 РЕКТОР ГРАНТЫНА конкурс жарияланады

ЕАГИ-де білім алу үшін 3 РЕКТОР ГРАНТЫНА конкурс жарияланады: 

2018 жылы ЕАГИ-ге оқуға түсушілерге күндізгі бөлімде білім алу үшін Еуразия гуманитарлық институты 3 РЕКТОР ГРАНТЫНА конкурс жариялайды:

  1. тегін оқу үшін
  2. 50% пайыз жеңілдікпен оқу үшін
  3. 25% пайыз жеңілдікпен оқу үшін

ЕАГИ Ректорының 3 грантына конкурс онлайн режиміндегі олимпиада нәтижелерінің негізінде өтеді. 2018 жылдың 23 тамызында ЕАГИ-де талапкердің қатысуымен грант тағайындалады.

2018 жылдың талапкері ректор гранты конкурсына қатысуы үшін келесі міндеттерді орындауы қажет:

1. Төмендегі бейінді пәндермен (біздің мамандықтар бойынша) ҰБТ тапсыру (50 балдан, оның ішінде әр пән бойынша 5 балдан төмен алмауы тиіс):

  1. Биология+География
  2. Тарих+География
  3. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебеиеті»
  4. Шетел тілі+Тарих
  5. Тарих+Адам. Қоғам. Құқық
  6. Математика+География

2. Келесі жалпы бейінді және бейіндеуші пәндермен (біздің маандықтар бойынша) КТ тапсыру (25 балдан, оның ішінде әр пән бойынша 5 балдан төмен алмауы тиіс)

  1. Педагогика мен психология негіздері +тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы
  2. Педагогика мен психология негіздері +Қазақстан тарихы
  3. Педагогика мен психология негіздері +ағылшын тілі
  4. Педагогика мен психология негіздері +қазақ тілі
  5. Қазақ/Орыс тілдері + ағылшын тілі
  6. Мемлекет және құқық теориясының негіздері + ҚР азаматтық құқығы
  7. Қаржы және несие +Ұйым қаржысы

ГРАНТ КОНКУРСЫНА қатысудың шарттары:

  1. https://goo.gl/forms/aRhIMpmACIsI07xK2 сілтемесі бойынша алдын ала тіркелу.
  2. Көрсетілген байланыс деректері бойынша тест өту үшін жеке сілтеме жіберіледі. Уақыт бойынша шектелу – 1 сағат.
  3. Мәліметтер мен жауаптар автоматтық түрде кестеге енгізіледі және нәтижелер белгілі болғанға дейін құпия түрде сақталады.

2018 жылдың 23 тамызында сағат 11.00-де Еуразия гуманитарлық институтының ғимаратында Астана қаласы, Жұмабаев даңғылы, 4 мекенжайы бойынша нәтижелер шығарылады. Жеңімпаздарды онлайн-олимпиадада жиналған балды санау арқылы сол жерде анықтайды.

ЕАГИ ректоры 3 грантының біреуін жеңіп алған талапкер үшін конкурс кезінде залда өзінің болуы және жоғарыда айтылған барлық шарттарға сәйкестілігі (құжаттардың, бейінді пәндер мен балл санының сәйкестілігі, талапкердің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың болуы) міндетті шарттар болып табылады.

Егер жеңімпаз залда болмаса немесе құжаттар талаптарға сай болмаған жағдайда грант жиналған балл санына сәйкес тізімдегі келесі талапкерге беріледі.

Грант конкурсына қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет.

Толық ақпарат үшін қабылдау комиссиясының телефонына хабарласыңыздар:

+7 (7172) 56-22-00
+7 (775) 479-34-28
+7 (701) 127-30-05