ЕАГИ дәстүрлері

Қазақстан Тәуелсіздігі және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Еуразия гуманитарлық институтының студенттері жыл сайын Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік өткізетін қайырымдылық акциясына қатысты.

Қайырымдылық акциясына тыл ардагерлеріне, мүгедектерге, жастары бойынша зейнеткерлерге, көп балалы және мүмкіндіктері шектеулі отбасыларына көмек беру жатты. 18 желтоқсан күні институт қызметкерлері мен студенттері Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ұсынған сыйлықтарды Астана қаласы мен қала маңына апарды.

Бірінші проректор А.Ж. Исмаилов студенттерге белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.