ЕАГИ «Азаматтық қорғаныс және әр үйдегі алғашқы медициналық көмек» тренингінен өтті

2020 жылдың 4 наурызында Еуразиялық гуманитарлық институтында ЕАГИ колледжімен бірлесіп «Азаматтық қорғаныс және әр үйдегі алғашқы көмек» атты үйретілімдік іс-шара аясында тактикалық және арнайы жаттығу өтті. Іс-шараның мақсаты – табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі дағдылар мен жедел әрекеттерді дамыту, төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету (өрт болған жағдайда).

Жаттығу ұйымдасқан түрде өткізілді, эвакуация бірнеше минут ішінде өтті, құтқару және алғашқы көмек сауатты жүргізілді.

Осындай іс-шаралардың арқасында студенттер қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытады, бұл төтенше жағдайлар кезінде жедел шешім қабылдауға және жылдам болуға байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.