ЕАГИ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығын атап өтті

2018 жылдың 14 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Институт ректоры, академик А.Қ. Құсайынов құттықтау сөз сөйледі. Ректор өз сөзінде Қазақстанның Тәуелсіздік күні біздің мемлекетіміздің қуаттылығының символы болып табылатындығын атап өтті. Біздің еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тек әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге білім мен ғылымда да жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен Қазақстанның ұлы тарихын жалғастырды. Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған баяндамасын оқыды.

Ары қарай іс-шараны институтымыздың студенттері даярлаған концерттік бағдарлама жалғастырды.