ЧЕМПИОНАТ

Еуразия гуманитарлық институты студенттердің өз білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын дамытуларын ынталандырып қана қоймай, сонымен бірге өз дағдыларын спортта жетілдіруге көмектеседі. Бұған институттағы әртүрлі спорттық клубтар мен өткізілетін конкурстар дәлел болады. Осындай жарыстарға 2018 жылдың 8-15 қарашасында өткен баскетбол бойынша чемпионатты жатқызуға болады.

Чемпионатқа «Шетел тілі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Құқық», «Қаржы», «Аударма ісі», «Тарих», «Қазақ тілі мен әдебиеті», сонымен қатар Еуразия гуманитарлық институты колледжінің студенттері қатысты. Институтта өткен чемпионат өте әсерлі және қызықты болды. Әр кафедраның жанкүйерлері өз командаларын белсенді түрде қолдады және ойынға ерекше қызығушылық танытты. Айрықша шынайы қамқорлықты «Құқықтану» мамандығы командасының жанкүйерлері көрсетті.

Баскетболдан чемпионат турнирінің қорытындысы бойынша бірінші орынды «Аударма ісі» мамандығы, екінші орынды «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы, үшінші орынды Еуразия гуманитарлық институты колледжі студенттерінің командасы жеңіп алды. Командалар адал ойын мен шеберліктің арқасында осындай табысты нәтижелерге жете алды. Өздерінің спорттық таланттарын көрсете білген чемпионаттың үздік ойыншылары: Саян Мөлдір, Байжұманова Даяна, Ержанұлы Еркебұлан, Бауыржанұлы Ерасыл («Аударма ісі» мамандығының командасынан); Бурханова Рената, Көшенов Айбын («Шетел тілі» мамандығының командасынан); Холодельщикова Карина, Фомушкина Александра, Мурашит Дильназ, Тойшибай Лязима, Оспан Айтолқын («Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының командасынан). Турнирдің ең үздік ойыншысы болып Холодельщикова Карина танылды.

Баскетбол бойынша чемпионат тек ойыншыларға ғана емес, сонымен бірге жанкүйерлерге де өте қызықты болды. Бұл жарыстың жоғары деңгейде өткізілгендігіне дәлел болады. Болашақта осындай іс-шараларды ұйымдастыру практикасы жалғасын табады. Мысалы, 21 қарашада волейбол бойынша чемпионат өтеді, ал Жаңа жылдың қарсаңында шахмат пен үстел теннисі бойынша жарыстар өтеді. Институт кафедралары командаларының аталған жарыстарға белсенді қатысатындығына сенімдіміз.