ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген талапкерлердің назарына!

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты 2020 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 15-30 сәуірі аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты, өткен жылғы мектеп бітірушілерден, сондай-ақ техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерден, ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған тұлғалар, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалардан ҰБТ-ға өтініш 2020 жылдың 20 сәуірінен-10 мамыр аралығында қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 701 666 72 72 номеріне хабарласыңыздар.