Бірінші проректор

Первый-проректор

Исмаилов Амангелді Жақсылықұлы

Психология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ білім академиясының мүше – корреспонденті. М.В. Ломоносов атындағы МГУ-дың психология факультетін бітірген. Педагогикалық қызметін 1988 жылы Ақмола мемлекеттік институтында аға оқытушы ретінде бастаған, содан кейін доцент, кафедра меңгерушісі, декан, кейінірек 1996 жылға дейін – Ақмола университетінің бірінші проректоры. 1996-2000 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің  бірінші проректоры. 2000 ж. қазаннан бастап  – Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, 2004 ж. наурыздан 2007 ж.  тамызға дейін – ректоры, 2007 ж. қыркүйектен осы уақытқа дейін ЕАГИ-дің бірінші проректоры.

Мақсатты түрде институттың ғылыми-зерттеу жұмысын, оқу-әдістемелік базасын дамыту, оқытудың инновациялық технологияларын, көп деңгейлі кадрлар даярлау жүйесін енгізу, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құрамын заманауи менеджмент дағдылары бар әрі оны тұрақты жетілдіріп отыратын адамдардан қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі комиссияның, ҚР БҒМ Болон процесі орталығының  мүшесі болып табылады. ҚР БҒМ-ның Білім мен ғылым саласын бақылау комитеті мақұлдаған педагогика, психология, тарих және филология бойынша зерттеу нәтижелері жарияланатын ғылыми басылымдар тізбесіне енген «ЕАГИ хабаршысы» ғылыми журналы редакциялық алқасының Бас редакторы, «Қазақ білім академиясы баяндамалары» ғылыми журналы редакциялық алқасының мүшесі.  А.Ж. Исмаилов жоғары мектеп, жас ерекшелік, педагогикалық психология және  психодиагностика мәселелері жөніндегі 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы болып табылады..

Жоғары білікті мамандар даярлаудағы жемісті еңбегі үшін «Казакстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасыныѕ Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдерімен, ҚР БҒМ-ның «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төс белгілерімен, ҚР  ЖОО-лары қауымдастығының «А. Байтұрсынов» күміс медалімен марапатталды,  ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың алғыс хаттарымен  бірнеше дүркін аталып өтті.