Біліктілікті арттыру курсы

2020 жылдың 20-24 қаңтары аралығында кітапхана қызметкері Н.К. Молдашева Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми кітапханасы негізінде «Цифрлық білім беру ортасындағы ЖОО кітапханасы» тақырыбы бойынша жоғары оқу орындары кітапханаларының қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бұл курстың мақсаты жоғары білім берудің қазіргі заманғы трансформациясы жағдайында оқу-білім беру және ғылыми-зерттеу үдерісіне ақпараттық қолдауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін кеңейту болып табылады.