«БЕЙМӘЛІМ АЛАШ АРЫСТАРЫ» атты оқу-ғылыми конференциясы өткізілді

2018 жылдың  29 қарашасында «Тұран» тарихи үйірмесі ЕАГИ кітапханасының қызметкерлерімен бірлесе отырып педагогика мамандығының бірінші курс студенттері арасында «БЕЙМӘЛІМ АЛАШ АРЫСТАРЫ» атты оқу-ғылыми конференция өткізді.

Конференцияда бүгінгі күнге дейін тарих төрінен ойып орнын алмаған, көпшілікке беймәлім Міржақып Дулатовтың ағасы Асқар Дулатов, Райымжан Марсеков, Отыншы Әлжанов, Мұқыш Поштаев, Ахметжан Қозбағаров және т.б. алаш қайраткерлерінің азаттық жолындағы күресі туралы баяндамалар жасалды.