Бақытты балалық шақ!

2019 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күніне орай Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттері жақын және алыс шетелдің, сонымен бірге қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсеткен «Жулдызай» гала-концертіне көрермендер ретінде қатысты. «Жұлдызай» фестивалі дарынды балаларды қолдауға, сонымен бірге олардың белсенді қоғамдық өмірлерінің жасампаз, қызықты және пайдалы болуына ықпал ету мақсатында құрылған.