«БҰҚАР ЖЫРАУ – АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 26 желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының қолдауымен Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы арналған «Бұқар жырау – авторлық ауыз әдебиетінің классигі» атты ғылыми-танымдық семинар өтті.

Ғылыми семинарды университеттің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы ашып, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Асқарұлы Қасқабасов «Жыраулық институты және Бұқар жырау» атты баяндама жасады.

Шараның өтуіне ұйытқы болған ф.ғ.д., профессор Аманжол Әлтай, сонымен қатар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А. Смайыл, ф.ғ.д., профессор С. Негимов, ф.ғ.д., профессор Р. Тұрысбек, ф.ғ.д., профессор С. Жұмағұл, ф.ғ.д., профессор М. Оразбек, ф.ғ.к., доцент Б. Қорғанбек сынды ғалымдар Бұқар жыраудың мұрасындағы маңызды мәселелер жайында сөз қозғады. Аталмыш шараға Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Е. Алимбаев қатысып келді.

Әнші Е. Рысқали пен Е. Шалдыбаев әуелетіп ән салып, семинарға қатысушылардың, құрметті қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.