Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау

2018 ж. 24 қарашада Еуразия гуманитарлық институтының Ғылыми кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы талқыланды. Қатысып отырған Ғылыми кеңес мүшелерінің, қызметкерлердің және студент жастар көшбасшыларының алдында институт ректоры, академик А.Қ. Құсайынов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде мақаланың өзектілігін, қазіргі уақытпен үндестігін, Отанымыздың тарихы мен дүниежүзі тарихындағы халықтың рөлін шынайы түсіну керектігі ел Президенті назарында екенін атап өтті. Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, білім беру сапасы мониторингі бөлімінің бастығы Б.Т. Байльденов, ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнахан, ҚР Президенті стипендиясының иегері, 4-курс студенті А. Демесінова және т.б. профессорлық-оқытушылық құрам мен ЖОО-ның студентік ұжымы өз сөздерінде мақалада айтылған ғылыми зерттеулерде дәйектелген, қазақ тарихының құндылықтарына, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жариялаған қазақстандық тарихты зерттеуге, Қазақстанның мәдени мұрасын кеңінен танытуға бағытталған алты жаңа жобасына қатысты деректерге назар аудартты. Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы Мемлекет басшысының: «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген ұлағатын барынша қолдайды.