Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай

Мамыр айының 2 күні Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Ж.Т. Сүлейменова ППК-16-01 тобының студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне саяхат жасады. Бұл іс-шара 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай ұйымдастырылды. Студенттер музейдегі Тарих, Алтын, Этнография, Тәуелсіз Қазақстан, Ежелгі және орта ғасырлар, Заманауи өнер залдарын аралап, тарихи білімдерін тереңдете түсті.