Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ қалалық фестивалінің ашылуы

2015 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Конгресс-Холл сарайында Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ қалалық фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Кеш барысында тіл тақырыбында өлеңдер оқылып, әндер орындалды. Аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасы халықтары Ассамблеясының 20-жылдығы аталып өтті. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, залда отырған халықты мерекемен құттықтады. Осы іс-шараға Еуразия гуманитарлық институтының, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері мен кураторлар, аға оқытушылар Е.Жұпархан мен Г.С. Райнбекова қатысты.