Қазақстан – біздің ортақ үйіміз

2018 жылдың 17 сәуірінде қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті Р.А.Казинаның жетекшілігімен «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының І курс студенттері, ҚР «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында 6 тілде әдеби-музыкалдық композицияны өткізді.

Қазақ халқы – бұл бірыңғай қауымдастық және де әрбір этностың өзіне тән ерекшелігі, өзінің тілі, дәстүрлі құндылықтары, әдет-ғұрыптары мен салттары бар.

Қазақстандық патриотизм біздің ұлттық идеямыз болып табылады. Бүгінгі таңда осы идеяны іске асырдық. Қазақ, орыс, ағылшын, ұйғыр, өзбек және түрік тілдерінде өлеңдер оқылды және өзбек, ұйғыр, түрік халықтарының билері орындалды.