Аудармашылар күніне арналған байқау

2019 жылдың 30 қыркүйегінде «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі» мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында «Аудармашылар күнін» атап өтуге арналған байқау өтті. Іс-шара каферда меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Волкова Людмила Васильевнаның алғашқы сөзімен бастау алды.

Қатысушылар байқауға «Үздік аударма», «Үздік ән», «Үздік өлең», «Үздік қабырға газет», «Үздік көрініс» аталымдары бойынша қатысты. Аударма бойынша студенттер алдын ала 4 тілде ағылшын тілі, қытай тілі, француз және неміс тілдерінде берілген мәтіндерді қазақ тіліне не орыс тіліне аударып тапсырды. Сарапшылар аудармалар арасынан ең үздік аудармашыларды анықтады. Атап айтар болсақ,

«Үздік аудармашы» аталымы бойынша ағылшын тілінен: Балғынбаева Шолпан ИЯК 17-02, Нығметова Малика ШТ19-02; француз тілінен: Изтлеуова Қанағат ИЯк 17-02, Корниенко Анастасия ПДс18-01, Шубов Даниил ПДс 18-01; неміс тілінен: Жаксыбай Дана ИЯк 17-01, Садуова Сабира ИЯк 18-04, және қытай тілінен Ибраева Адина ИЯк 18-01,  Ибрагим Мадина ИЯк 17-02 марапатталды.

«Үздік ән» аталымы бойынша 1 орын – Рамазанова Жанна ИЯк 17-01, 2 орын Камалиденова Мадина ИЯ 18-02, 3 орын Темиргалиева Камила ПДТ 19-01 иеленді.

«Үздік өлең» аталымы бойынша жеңімпаз Аманбаева Даяна ИЯ 17-02 атанды. Ал ПДк 17-01 тобының студенттерінің біздің кафедра туралы бейнеролигі «Үздік қойылым» аталымын жеңіп алды.

«Үздік қабырға газет» аталымын 1 орын ПДт 19-01 тобы, 2 орын ШТ19-01 тобы, 3 орын ПД 18-01 тобы ұтып алды.

Байқау өте қызықты әрі тартысқа толы өтті. Барлық жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары және грамота тарту етілді.

Байқау ұйымдастырушылары Хасилан Ф., Исаева А.Ж., Мельнова К.В.,  Байоразова Ж.К.