Астанада Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті

Астанада 10-11 қыркүйек күндері Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) саммиті өтті

Ірі масштабты іс-шара Тәуелсіздік сарайында өтті. Форумға мемлекет пен үкіметтің 15 басшылары мен 80-ге жуық делегация қатысты. Саммит «Ислам әлеміндегі ғылым, технологиялар, инновациялар және жаңғырту» ұранымен және 10 қыркүйекте «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жабылуына орайластырылып өткізілді. Форум «XXI ғасырда қоғам өміріне ғылымның әсер етуі», «Тұрақты дамуды қамтамасыз етуде ғылым мен технологияның рөлі», «Заманауи экономикадағы бәсекелестік пен инновациялар» және «Ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықтың дамуы» тақырыптарында жұмыс сессиясын қамтыды. Саммиттің қорытынды құжаты Астананың декларациясы болды. Саммиттің жұмысына шетел тілі кафедрасының студенттері еріктілер ретінде қатысты.