Астана мектебінің мұғалімдеріне арналған семинар

2018 жылдың 22 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институты шетел тілдері кафедрасының филиалы жұмыс істейтін №72 мектеп-лицейінде аға оқытушы Долдинова Сәуле Аяғанқызы «Шетел тілдерін оқытудағы мультимедиялық технологиялар» тақырыбында жас мұғалімдерге арналған семинар өткізді.

Семинар жұмысы барысында қатысушылар Edmodo, Socrative, Padlet, Myefe.com. онлайн-сөздігі сынды бірнеше онлайн-платформалардың қызметімен танысып, жұмыс істей алды. Осы сандық ресурстар игерілетін материалды бір алаңда біріктіруге, аудио-бейне жазбаларды қолдануға, қашықтықта оқушылармен интерактивті диалогты жүргізуге, тапсырмаларды тексеру үшін уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Мұғалімдер өткізілген семинарға жоғары баға қойды және ынтымақтастықты жалғастыруға тілек білдірді.