“Астана – мәңгілік елдің темірқазығы!” атты жас ақындар айтысына шақырамыз

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, және барша айтыссүйер ағайын!

Сіздерді Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен елорданың 20-жылдығына арналған “Астана – мәңгілік елдің темірқазығы!” атты жас ақындар айтысына шақырамыз! Жарасымды әзіл-қалжыңға ұйытып, түйіткілді мәселелерді қозғайтын, жас ақындардың өрелі өнері мен бәсекелі жыр додасына куә болыңыздар! Кіру тегін.