«Қасірет пен тағзым»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оқушылар сарайында «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне арналған «Қасірет пен Тағзым» рухани-тағылымды кешін өткізді. Аталған кешке «Аққу» әдеби бірлестінің белсенді мүшелерімен бірге қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Ризабек Нарманбетұлы қатысып қайтты. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, көрнекті саясаткерлер мен ғалымдар, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты. Зұлмат жылдардың бет-бейнесін ашатын театрландырылған көріністер қойылып, әндер айтылды. Қошке Кемеңгерұлының ұрпағы Ризабек Нарманбетұлы «Алаш жолы» атты авторлық күйін орындады. Өскелең ұрпақтың санасына отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіруде осындай өнегелі кештердің маңызы зор.