«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

Еуразия гуманитарлық институты Астана қаласының мектеп және колледж бітірушілері мен мұғалімдерін 2019 жылғы 13 наурызда сағат 11.00-де өтетін «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысуға шақырады.

Қонақтарға келесі білім беру бағдарламалары бойынша мәлімет беріледі:

  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • Педагогика және психология
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Тарих
  • Аударма ісі
  • Қаржы
  • Құқықтану

Қатысушылардың біздің институтта оқу аудиторияларына кіруге, таңдаған білім беру бағдарламалары бойынша оқудың артықшылықтары мен перспективалары, практика және жұмысқа орналасу, оқуға түсу ережелері, түсу баллы, ректордың білім гранты мен жеңілдіктер туралы мәлімет алуға, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері болады.

Мекен-жайымыз:  М. Жұмабаев даңғылы, 4,  №1 оқу ғимараты, конференц-зал, 3 қабат.

Толығырақ ақпаратты  8 701 666 72 72 ұялы телефон арқылы біле аласыздар.