Арнайы емтихан

Құрметті талапкер!

2016 жылдан бастап жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер арнайы емтихан тапсырады. Педагогикалық тест және педагогикалық жағдаяттан тұратын арнайы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділіктерін анықтауға бағытталған.

Арнайы емтиханды тапсырмаса не болады?

Педагогикалық мамандыққа кіруге рұқсаты жоқ талапкерлердің білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға құқықтары болмайды.

Педагогикалық мамандыққа кіруге рұқсаты жоқ талапкерлердің таңдау бойынша пәнге сәйкес басқа мамандықтар бойынша білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға құқықтары бар.

Еуразия гуманитарлық институтының қабылдау комиссиясы келесі педагогикалық мамандықтар бойынша арнайы емтихан өткізеді:

  • 5В010100 — Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 5В010200 — Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • 5В010300 — Педагогика және психология
  • 5В011400 — Тарих
  • 5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В011900 — Шетел тілі: екі шетел тілі

Арнайы емтиханға қатысу үшін өтініш 20 маусымнан 26 шілдеге дейін қабылданады.  Білім беру гранттарын тағайындау конкурсынан кейін ақылы оқу түріне өтініш жазған талапкерлер арнайы емтиханды 1тамызға дейін тапсыра алады.  Емтихан «жіберілді» / «жіберілмеді» принципі бойынша бағаланады. Арнайы емтиханнан кеңесті және материалдарды институттың қабылдау комиссиясынан алуға болады.

Педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін талапкерлер белгіленген мерзімде арнайы емтихан тапсырулары тиіс.

Еуразия гуманитарлық институтының қабылдау комиссиясы:

8 (7172) 56-22-00,
e-mail: eagi.admission@mail.ru